IWPR жайлы
Соғыс пен бейбіт репортажының институты
Соғыс пен бейбіт репортажының институты (IWPR) – бұл қызметінде мемлекеттік орган өкілдеріне, сарапшылар, зерттеушілер мен журналистерге білім беру жобалары бар халықаралық ұйым. Орталық Азияда IWPR 1999 жылдан бері жұмыс істейді. Сондай-ақ Алматы, Бішкек пен Душанбеде тіркелген кеңселері бар.

Сонымен қатар, Орталық Азиядағы IWPR өкілі аналитикалық мақалалар мен зерттеулерді шығарумен де айналысады. Редакторлар мақалалар тақырыптарын мұқият іріктейді. Олардың арасында оқырманға қызы болатындары ғана іріктеліп алынады. Талаптары: эксклюзив, өзектілігі, халықаралық стандарттарға сай болуы (логикалық байланысы, тар бағытталуы мен т.б.)

МАҚСАТТАР МЕН ҚЫЗМЕТІМІЗ

Біз мемлекеттік орган өкілдеріне, сарапшылар мен журналистерге білім беру, тәлімгерлік пен платформалар береміз. Сонымен қатар БАҚ пен қоғамдық топтардың интитуционал әлеуетін күшейтеміз.

Аймақтық өкілдер жергілікті желілер құрып, кең көлемді оқу мен редакциялауға қатысып, талқылау үшін практикалық тренингілер мен сессиялар жасайды. Оларды үйлестіру мен қарқынды редакциялық, материалды-техникалық қолдауды Лондондағы бас офис істейді.


Біздің басқарудағы құжаттардың кешені жергілікті қажеттіліктерге, мәселелер мен қолжетімді ресурстарға негізделген елдегі әр жобаға бейімделген.

IWPR Орталық Азиядағы қызметі негізгі үш бағытта жүзеге асады:
IWPR-дың Орталық Азиядағы ақпараттық қызметі «Орталық Азиядан шыққан репортаждарға» арналған Орталық Азия жайлы репортаждар мен аналитикалық зерттеулерді шығару
Орталық Азия жайлы репортаждар жергілікті әрі халықаралық оқырмандарға осы аймақта болып жатқан жайттар жайлы хабардар болуға, сонымен қатар жергілікті шолушылар көзқарасымен танысуға ерекше мүмкіндік береді.
Тренингілер
IWPR сарапшылар, қоғамдық көшбасшылар, зерттеу салаларының мамандары мен журналистерге халықаралық стандарттарға сай тренингілер ұйымдастырад. IWPR тренингілері маңызды тақырыптарты бейтарап, шынайы әрі жылдам жария етуге көмектесер практикалық қабілеттерге үйретеді әрі жергілікті, аймақтық деңгейде сапалы аналитика дамуына ықпал етуге бағытталған.
Серіктестік пен диалогқа ықпал ету
IWPR саясат, экономика мен әлеуметтік өмір салаларындағы қоғамдық маңызы бар тақырыптар аясында дөңгелек үстелдер, кездесулер мен конференциялар жасайды. Өзекті мәселелерді ашық талқылау арқасында IWPR қоғамның түрлі санаттары арасында диалог құруға көмектеседі. Диалог пен серіктестікке шақыратын шараларында IWPR мүдделі тараптардың бәрінің өкілдігін қамтамасыз етуге тырысады. Олардың қатарында мемлекеттік құрылымдар, азаматтық қоғам, БАҚ, бизнес құрылымдар мен халықаралық қауымдастық бар. Сондай-ақ IWPR мемлекет пен азаматтық қоғам арасында диалог құруға, азаматтық қоғамды, демократия, адам құқықтары мен заң билігін күшейтуге арналған ұзақмерзімді жобалар жасайды.
CABAR.asia жайлы

2014 жылы IWPR Аналитикалық есептің Орта азиялық бюросының (CABAR.asia) негізін қалады. Бұл аймақтағы сарапшылар, ғалымдар мен саясаткерлерге үкіметаралық әрі аймақтық серіктестікті дамытуға алаң беретін аймақтық аналитикалық, ақпараттық және білім беру платформасы. Аймақтағы серіктестікке қоятын екпініміз аймақтағы бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету деген мүддемізбен ұштасады. CABAR.asia арқылы IWPR жаңа медиа бойынша оқу бағдарламасын жасап, сарапшылдық әрі аналитикалық қабілеттер дамуына көмектесіп, жергілікті желіні күшейткен. Бұл жылына 1,5 миллионнан астам парақша қаралымдарын жинайтын алдыңғы қатарлы оқу әрі аналитикалық орталығы.

CABAR миссиясы Орталық Азия аймағындағы БАҚ, мемлекеттік институттар, сондай-ақ азаматтық сектор арасындағы конструктив қатынастарды қамтамасыз етуші механизмдерге көмектесу.
CABAR таразыланған әрі расталған аналитикалық материалдар мен видеорепортаждарды беру арқылы Орталық Азия елдерінің қоғамдық маңызы бар ақпаратына қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

CABAR тобы - Соғыс пен бейбітшілікті жария ету институтының Орталық Азиядағы өкілдігінің қыметкерлері. Нақтырақ айтсақ, ол елдерге Қазақстан, Қырғызстан мен Тәжікстан кіреді.
Жаңа медиа мен цифрлы журналистиканы дамыту жобасы аясында бізде Орталық Азия елдеріндегі дезинформациямен күресуге өз үлесімізді қоса алдық. Ақпаратты тарату мен тұтынуға арналған платформалардың аудиториясы артып жатқанын ескере отырып, ақпаратты жасау мен таратуға қатысы бар адамдардың бәріне ақпаратты қалай тұтынатынын жеткізу аса маңызды.

CABAR-дың Қазақстандық серіктестері арасында жекелей алатын сарапшылар мен зерттеушілерден басқа келесі ұйымдарды атап өтуге болады:

  • Қазақстандық стратегиялық зерттеу институты
  • Назарбаев университеті
  • Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті
  • PaperLab зерттеу орталығы
  • Сүлеймен Демирель университеті
  • Нархоз университеті
  • Контртеррористік комитет
ДІН САЛАСЫНДАҒЫ ЖОБАЛАР ЖАЙЛЫ

Сонымен қатар IWPR Орталық Азия елдерінде Дін мен радикализацияға қарсы түрлі жобаларды жүзеге асырады. Мысалы, 2016 жылы Орталық Азиядағы IWPR «Қауымдастықтар дауысын күшейту: Тәжікстандағы радикализацияға қарсы тұру». Бұл жоба аясында біз 100-ге жуық имамды радикализациямен күрестегі коммуникация қабілеттеріне үйретіп, 100 жас арасында медиасауат жайлы тренингілер өтіп, қарқынды түрде әлеужелідегі жастар радикализациясына қарсы тұруға бағытталған материалдарды тарату жұмысын жасадық.

2018 бен 2019 жылдар арасында IWPR Central Asia «Орталық Азиядағы радикализациямен күрес жолында дауыс беру мен байланыс орнату» атты жобаны табысты түрде жүзеге асырды. Осы уақыт арасында біз Қазақстан (Жамбыл, Түркістан мен Қызылорда облыстары), Қырғызстан мен Өзбекстандағы 300-ден астам имамды күштелген экстремизм мен радикализмге қарсы тұратын ақпаратты тарату машықтарын үйреттік. Сонымен қатар, азаматтық қоғамның әртүрлі өкілдері қатысқан, толеранттылық идеясын дамытуға арналған бастамаларды талқылау үшін түрлі сипаттағы 45 жиын өткіздік.


Орталық Азиядағы IWPR жобаларының жақсы мысалдарының бірі - «Belief CABAR Asia» веб-порталы. Ол 2019 жылдан бері бар. Порталдың Басты мақсаты діни сенім бостандығы жайлы позитив нарративтерді тарату, мемлекеттік-конфессиялық қатынастарының анализі мен терроризмге апаратын күштелген экстремизм мен радикализмге қарсы тұру.

Қазіргі таңда «Қазақстандағы діни сенім бостандығы» жобасы аясында Қазақстандағы дін мен діни сенім жайлы материалдар «Belief CABAR Asia» порталында жарық көріп жатыр.